$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында танысын пышақтап өлтірген тұрғын 13 жылға сотталды

Оқиға өткен жылдың шілде айында болған 

Павлодар облысында танысын пышақтап өлтірген тұрғын 13 жылға сотталды
Фото: freepik.com

Павлодар облысында танысын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың 25 шілдесінде Екібастұздағы Қонаев көшесі бойымен өтіп бара жатқан тұрғын пышақ жарақаты бар ер адамды көріп, жедел жәрдем мен полиция шақырған. Оқиға орнына жедел - тергеу тобы дереу жеткен болатын. Тергеу барысында марқұмның таныстарымен бірге ішімдік ішкені анықталды. 

Сол түні пәтерде үш ер адам мен екі әйел мерекеге жиналған. Таңертең әйел адамдар кетіп, ерлер үйдің ауласына шығып, әңгімені жалғастырған. Біреуі мас күйінде танысына пышақ сұғып алады.

Қалалық сотта Екібастұзға жұмыс істеуге келген Баянауыл ауданының тұрғынын өлтіргені үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

«Қылмысты жасаған ер адам Астанаға кеткісі келіп, такси шақырған бойда Екібастұз қаласының жедел уәкілдерімен ұсталды. Оның кінәсінің толығымен дәлелденді», – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары Валентин Бримжанов.

Сот үкімді жариялады. Іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот ерекше режимдегі қылмыстық - түзеу жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары