Қостанайда жасөспірім қыздар әйел адамды ұрып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Қостанай облысының ювеналды сотына 14 және 17 жастағы екі қызға қатысты қылмыстық іс келіп түскен

Фото: ашық дереккөзден

Мәнерлеп сырғанаушылар әйелдің денсаулығына қасақана зиян келтіреміз деп, абайсызда өлтіріп алған деп айыпталуда. 51 жастағы жәбірленуші қатты соққылардың салдарынан көз жұмған. 

365info.kz –тің хабарлауынша, қылмыс 8-тамыз күні облыс орталығы Строительный көшесіндегі №2 үйдің маңында жасалған. Зардап шеккен әйел 9-тамыз күні қайтыс болды.  

Айыпталушылар кәмілеттік жасқа толмағандықтан процесс жабық болады.