Арыста газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір адам ауыр халде жатыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Түркістан облысындағы Арыста болған газ баллоны жарылысынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

40 жастағы әйелдің денесінің 90 пайызы күйіп қалған.

Тағы бір ер адамның жағдайы ауыр. Денесінің шамамен 30 пайызын күйік шалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуі де Өзбекстан азаматы екені анықталды.

Кеше наубайхана мен техникалық қызмет көрсету орталығы орналасқан ғимаратта газ баллоны жарылды. Наубайхана ішінде 5 газ балоны болған. Наубайхана және дүкен өртенді.