Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Арқалық маңында құтқарушылар жоғалып кеткен әйелді тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
46 жастағы әйел адам 14 қаңтарда таңғы сағат 8:00-де Ақтас ауылынан Арқалық қаласына қарай жаяу шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
«Оның жоғалып кеткені туралы жергілікті шаруа қожалығында хабарланды. ТЖД қызметкерлері әйелді сағат 18-55-те Ақтас ауылынан 2 шақырым жерден тауып алды. Дене мүшелерін үсік шалған әйел қазіргі уақытта реанимацияда жатыр», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ азаматтардан қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден кетпеуді сұрайды.