Ақтөбе облысындағы тасжолда болған жол апатынан отбасы қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 13 қаңтар күні болған

Ақтөбе-Астрахань автожолының 205 шақырымында төрт көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазон ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

«Бұл бір отбасының мүшелері - әкесі, баласы және анасы болатын», - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.