Жетісу облысында жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Сейсмикалық стансалар желісі сағат жер сілкінісін 22:08-де тіркеген

фото: ашық дереккөзден

Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kazinform ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде, Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.