Автобус ішінде 55 Өзбекстан азаматы болды
Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 965 шақырымында «Ташкент-Казан» қатынасымен жүретін жолаушылар автобусы ақаулығына байланысты бұзылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автобус ішінде 55 Өзбекстан азаматы болды.
ТЖД күштерімен жолаушылар Қарабұтақ ауылының мешітіне көшірілді, медициалық көмек қажет болған жоқ.
Төтеншеліктер азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер қойылған кезінде жолға шықпауға кеңес береді.