Абай облысында жолаушылар автобусы аударылды

Автор: Azattyq Rýhy

Автобус Қабанбай батыр ауылы - Алматы бағытымен жүрген

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус аударылды. Екі адам зардап шекті. Кюветтен автобусты шығару бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.KZ-ке сілтеме жасап.

«Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді», - делінген хабарламада.

Автобус Қабанбай батыр ауылы - Алматы бағытымен жүрген. 

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.