Костенко шахтасындағы апат: күдіктілердің есімі аталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазір 28 адам тергеліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрі Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі делінген күдіктілердің аты-жөнін атады. Сырым Шәріпхановтың сөзінше, қазір 28 адам тергеліп жатыр. Олар қатардағы қарапайым жұмысшылар емес. Жауапты лауазымды тұлғалар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2,5 ай бұрын Қарағандыдағы АрселорМитталТеміртаудың Костенко көмір шахтасында жарылыс болып, 46 жұмысшы көз жұмған болатын.

«АрселорМиттал Теміртаудың бас директоры Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, көмір департаментінің атқарушы директоры Огай. Жалпы 28 адам күдікке ілінді. Тергеу жүріп жатыр. Олардың кінәсін нақты сот анықтайды», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.