4 жасар бала жолдың ортасына жүгіріп шыққан
Қызылордада авобус жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан ер адам мен оның ұлын қағып кетті деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Оқиға 17 қазан күні сағат 12:30 шамасында Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында болған. Полицияның мәліметінше, 4 жасар бала жолды рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болған. Оны құтқару үшін артынан 30 жастағы ер адам жолға жүгіріп шығыпты. Алайда, ер азаматты баласымен бірге автобус қағып кетті.
«Алған дене жарақаттарынан баланың өзі жансақтау бөліміне жеткізілсе, әкесі қайтыс болды. Автобустың жүргізушісі анықталды. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр», - дейді полицейлер.