Тұрғын үй жарылысынан зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Атырауда бүтін бір отбасы қара жамылды. Тұрғын үй жарылысынан зардап шеккен 5 адамның 2-еуі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Одан бөлек сол үйдің келіні облыстық ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 80 пайызын күйік шалған екі баланың да жағдайы ауыр.
«Қазіргі уақытта балалардың жағдайында оң динамика жоқ. Критикалық жағдайда. Тыныс алуы барлығы аппаратқа көшірілді. Осы бағытта емді жалғастырып жатырмыз», - дейді Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ержан Есболаев.