Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ол жұмыс орны бойынша және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелді», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.