Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары мінген автобус аударылды

Автор: Azattyq Rýhy

Көрші елдің азаматтары қауіпсіз жерге эвакуацияланды

Фото: informator.ua

29 желтоқсан күні сағат 18:50-де Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы,  «Қарабұтақ-Қостанай» автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметінк сілтеме жасап.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар  «Екатеринбург-Шымкент» бағыты бойынша жолға шыққан.

«Оқиға орнында  құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері  мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.