Ақмола полицейлері қарлы жолдарда қызмет атқарып жатқан кадрлармен бөлісті

Автор: Azattyq Rýhy

Батальон экипаждары мен патрульдік полиция роталары күшейтілген режимде қызмет атқаруда

Коллаж: Azattyq Ruhy

29 желтоқсан Ақмола облысының аумағында боран, көру мүмкіндігі шектеулі және көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде және облыстық маңызы бар 26 учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Poisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батальон экипаждары мен патрульдік полиция роталары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Ауа райының қолайсыздығынан полицейлер қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.