Полицияның хабарлауынша, 30 жастағы күдікті Парижде тұратын Франция азаматы екен
Француз құқық қорғаушылары 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына шабуыл жасау стилінде теракт дайындауға кіріскен күдіктіні тұтқындады. Бұл туралы France Info радиостанциясы Франция ІІМ басшысы Кристоф Кастанераға сілтеме жасап хабарлайды деп жазады РИА Новости.
Министрдің айтуынша, 11 қыркүйекте терракт жасамақ ниетпен ұшақты айдап әкетуді жоспарлаған күдікті өткен айда тұтқындалған. Құқық қорғаушылар бірнеше ай бойы өзіне сыбайлас іздеген күдіктінің іс-қимылдарын әлеуметтік желілерде қадағалаған.
Полицияның хабарлауынша, 30 жастағы күдікті Парижде тұратын Франция азаматы екен.
Француз ІІМ басшысы бұл азаматтың қамауға алынуы Францияда 2013 жылдан бері жолы кесілген 60-терракт екенін атап өтті.