Абай облысында жүйке дертіне шалдыққан 80 адам көлік жүргізіп келген

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото ашық дереккөзден

Абай облысының прокуратурасы 2023 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі – медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізушінің денсаулығының нашарлауы.

Мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) талабы бойынша сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

«Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан жарамды жүргізуші куәлігі бар», - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.