Ақмола облысында бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Автор: Аманалина Тоғжан

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

видеодан кадр

Ақмола облысында бес автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Ауа райына байланысты Ақмола полицейлері жүргізушілерді қырағылық пен сақтыққа шақырады.   

25 желтоқсанда «Астана-Петропавл» республикалық тасжолында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.   

«Газель» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлігінің бұзылуына байланысты оң жақ шеткі жолаққа тоқтағаны алдын ала анықталды. Одан әрі «Газельге» Астана қаласының тұрғыны басқарған «Volkswagen Polo» маркалы автокөлігі соқтығыс жасаған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Кейіннен көліктің артынан ілеспе бағытта қозғалып келе жатқан тағы үш көлік соқтығысқан», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.    

Жол-көлік оқиғасы фактісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.