Алматыда жоғалып кеткен спортшы табылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Серік Нұрқазовтың табылғанын полициядан хабарлады

Фото: Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматыда жоғалып кеткен спортшы Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Боксшының жоғалып кеткені туралы деректі «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының өкілдері жариялаған еді.

«Медеу аудандық полиция Басқармасы хабарлағандай, 1959 жылы туған С.Нұрқазов азамат аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды», - деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Алматыда кеңестік кезеңнен танымал болған спортшы Серік Нұрқазовтың із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.