23.12.2023, 13:30
Оқиғалар
Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен
52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды
Фото ашық дереккөзден
Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген.
Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген.
52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды.
Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады