NQZ: Нұр-Cұлтан әуежайының үш әріптік коды өзгерді

Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді

NQZ: Нұр-Cұлтан әуежайының үш әріптік коды өзгерді
Фото: ашық дереккөзден

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылдады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«Министрлік ИАТА басшылығымен және сарапшыларымен бүкіл әлем бойынша әуежайлардың үш әріпті кодтарын тағайындау мен өзгерту бойынша ИАТА тәсілдерін өзгерту бағытында көп жұмыс істегенін атап өту қажет. Осы жұмыстардың нәтижесінде әлемнің барлық елдері әуежайларының үш әріпті кодтарына өзгерістер енгізуге бірегей мүмкіндік алды. Сонымен қатар, еліміз азаматтық авиация өкілдерінің бүкіл әлем бойынша үш әріптен тұратын әуежай кодтарын тағайындау мен өзгерту туралы ИАТА қарарына түзету енгізу туралы бастамаларын қолдау мәселесін пысықтады», - деліген хабарламада.

Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді және NQZ әуежайдың жаңа коды әуе билеттерді брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк биркаларында, ақпараттық таблоларда қолданылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.