ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр
Павлодар облысында жол апаты болып, жолаушы мерт болды. «ВАЗ-21093» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 19 желтоқсанда Екібастұз - Батыр бақылау пункті автожолының 18 шақырымында болған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Алайда, жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды», – деді департаментте.
ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.