Екі әйел ауруханада жатыр
Бүгін, 21 желтоқсан күні таңертең Қарқаралы қаласының шетінде қасқыр адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Вечерняя Караганда» Telegram-арнасының хабарлауынша, сағат 6:00 шамасында Қарқаралы қаласының шетінде қасқыр екі әйелге шабуыл жасаған.
«Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, орталық облыстық ауруханаға жануар қапқан екі әйел түсті. Бірінің қолында жарақат бар. Екіншісін қасқыр бірнеше рет терең тістеп алған», - делінген хабарламада.