Қарағандыда инвестициялық жобаның жүзеге асуына шенеуніктер кедергі келтірген

Автор: Мира Байбек

Заңбұзушылықты прокуратура өкілдері анықтады

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды қаласының әкімдігі инвестордың жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішін қанғаттандырудан заңсыз бас тартқаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокуратураның фронт-офисі инвестор «QAZCLINKER» ЖШС Қарағанды қаласында 200 жұмыс орнын құрумен құны 20 млрд теңгеге клинкер плиткаларын өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқанын анықтады.

«Қарағанды облысы прокуратурасының наразылығы бойынша әкімдіктің бас тарту туралы заңсыз шешімі жойылып, жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертіліп, инвестор жобаны жүзеге асыруды жалғастырды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары бұзылған жағдайда дереу +7 778 099 91 11 нөміріне (Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратуралардың сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласыңыздар.