Бір ауылдың тұрғындары ауыз сусыз қалды
Алматы облысының Қарғалы ауылында су құбыры жарылып, тұрғындар ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Әкімдіктің мәліметінше, Қарғалы ауылдық округіне қарасты Жеңіс саяжайын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырында ақау шыққан.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы сағат 9:00-да Қарғалы ауылындағы барлық абонентке су беру өшірілді. BeyAzh Trans компаниясының қызметкерлері құбырды ауыстырып жатыр. Жұмысты сағат 12:00-ге дейін аяқтау жоспарда», — делінген хабарламада.