Шымкентте мәдениет сарайының үйіндісі астынан студенттің денесі шығарылды

Автор: Мира Байбек

Қайғылы оқиға кеше сағат 22.30-да болған еді

Видеодан кадр

Шымкентте опырылған мәдениет сарайының үйіндісі астынан студенттің денесі шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оtyrar жазуынша, ғимарат үйіндісі астында қалған 18 жастағы студенттің денесі бүгін шығарылды.

Бұған дейін хабарлағандай, кеше сағат 22.30-да Шымкент құтқарушылары мен кинологтар 2005 жылы туған жасөспірімнің мәйітін үйінділер астынан жарты метр тереңдікте тапқан болатын.

«Медицина колледжінің екінші курс студенті оқиға болған сәтте ғимарат ішінде 16 және 18 жастағы өзінің екі курстасымен бірге болған. Олар нысан құлаған уақытта қашып үлгерген», - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, бала ғимарат ішіне видео түсіремін деп кірген болуы ықтимал.  Үйінді астында қалған студент «Орта Азия» медицина колледжінің екінші курсында оқығаны белгілі болды.

Еске салсақ, Шымкенттегі «Фосфоршылар» сарайының төбесі опырылып құлағаны туралы хабарлаған болатынбыз.