Қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізіліп жатыр
17 желтоқсан күні облыс аумағында қалың қар түсуі салдарынан тас жолдардың көктайғақ болуына байланысты Құлсары-Бейнеу, Атырау-Индер бағытындағы тас жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін көлік құралдарын қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізуде.
«Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді. Сондай-ақ Индер ауданыны аумағындағы елдімекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді», - делінген хабарламада.