«12 адамға операция жасалды»: Ақтауда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың арасында қол-аяғы сынған балаларда бар

Фото: freepik.com

Ақтауда көктайғақтың салдарынан жарақат алғандар көбейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне соңғы 3 тәулікте 120-дан астам адам келіп түскен. Соның 12-сіне шұғыл операция жасалды.

Қазір науқастар нейрохирургия және травматология бөлімшелерінде ем қабылдап жатыр. Олардың арасында қол-аяғы сынған балаларда бар.