Полиция әзірше бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеді
Өскеменде 14 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Оқиға Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, зардап шеккен жеткіншекті жедел жәрдем «Ана мен бала орталығына» жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаты ауыр. Бала қазір жансақтау бөлімінде.
Полиция әзірше бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеді.