Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сот алды тергеу басталды
Қостанайдағы Амангелді кентінде болған жарылыстың алдын ала себебі айтылды. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, апатқа газ баллоны құрылғысын қолдану ережесі сақталмағаны себеп болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сот алды тергеу басталды. Ал оқиғадан зардап шеккен бір адамға операция жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған үш адамның жағдайы бірқалыпты.
Еске сала кетейік, кеше Қостанайдың Амангелді шағын ауданындағы жеке кәсіпорындардың бірінің аумағында жарылыс болып, үш адам қаза тапқан еді.