Науқастардың 85%-да сырқат жеңіл өтуде
Бұл туралы еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
«Науқастардың 85%-да сырқат жеңіл әрі ешқандай белгісіз өтуде. 11,5%-да орташа ауыр деңгейде. 16 пайызының жағдайы ауыр. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Шығыс-Қазақстан мен Қарағанды облысында жатқан науқастар»,- деді Айжан Есмағамбетова.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 604-ке жетті. Індеттен 45 науқас емделіп шықты. 6 адам көз жұмды.