Индонезияда жанартау атқылауынан қаза тапқандар саны 22-ге жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнында 200 құтқарушы жұмыс істеп жатыр

Фото: Unsplash

Индонезияның Суматра аралында Марапи жанартауының атқылауы кезінде қаза тапқан альпинистер саны 22-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Барлығы – альпинист. Жоғалып кеткен тағы бір адамды іздеу бүгін басталады. Бұл жұмысқа 200-дей құтқарушы тартылып отыр. Биіктігі 2891 метрге жететін «Марапи» жанартауы желтоқсанның 3-де оянып, 3 шақырым биіктікке күл шашқан.

Еске салсақ, 75-ке жуық альпинист сенбі күні шыңға шығып бара жатқанда кенеттен жанартау атқылап, күл бағандары 3 мың метр биікке шапши бастаған. Жақын маңдағы ауылдар мен қалаларды жанартау қалдықтары басып қалды.