Астанада көктайғақ салдарынан 500-ден астам адам жарақат алды

Автор: Аманалина Тоғжан

Оның 126-сы балалар  

Фото: freepik.com

Астанада қатты көктайғақ салдарынан күніне 500-ден астам адам жедел жәрдем қызметіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Ауа-райы жағдайына байланысты 5 желтоқсан күні сағат 08:00-ден 6 желтоқсан күні сағат 08:00-ге дейін травматологиялық пункттерге барлық 514 өтініштер келіп түскен. Соның ішінде, 126-ы – балалар, 365-і көшеде жүрген адамдар (балалар - 37) және ауруханаға жатқызылғандардың қатарында 33 адам бар (2 бала)», - деп хабарлады Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы.  

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарына жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін барынша сақ болып, жалпақ табаны бар ыңғайлы аяқ киім киюді ұсынады.