Ер адам 4 желтоқсанда қайтыс болған
Оралда тергеу изоляторында отырған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мой город» порталының жазуынша, марқұм 63 жаста болған. Ол қамау камерасында болған.
«Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – ми қан тамырларының атеросклерозы», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте ер адам тергеу изоляторынан жансақтау бөліміне түсіп көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.