Көкшетауда пәтерде қамалып қалған бір және үш жасар бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Балалар зардап шеккен жоқ

Көкшетауда төтеншеліктердің пультіне 2020 және 2022 жылдары туған екі бала пәтерде қамалып, өздігінен шыға алмай қалғандығы туралы шақыру келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар жедел шақыру орнына келіп, есікті ашты.

Балалар дер кезінде құтқарылды, екеуі де зардап шекпеген.

ТЖМ қайғылы жағдайды болдырмау үшін балаларды ешқашан үйде жалғыз қалдырмауды еске салады.