Степногор қаласында өртенген пәтерден екі бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған

Фото: Мария Матвиенко

Ақмола облысының Степногор қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде болған өрттен екі бала құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, өрт көппәтерлі тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтерден шыққан. 

«Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт болған пәтерден екі және жеті жасар бала құтқарылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған», - делінген хабарламада.