«Көліктің астында қалды»: Павлодар облысында әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

49 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты

Фото: Павлодар облысының полиция департаменті

Полицейлер жол апатының деректерін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Ақсу қаласының Сарышығанақ ауылынан бес шақырым жерде «Орловская Ляга» су қоймасының жағасында қол тежегішке қойылмаған Chevrolet Niva маркалы көлік әйелді басып кетті.

Соқтығысу нәтижесінде 49 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлік 47 жастағы танысына тиесілі. 

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді департаментте.  

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.