Жасөспірімнің жоғалып кеткеніне екі күн болған
Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқушының жоғалып кеткеніне екі күн болған.
«2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевичт 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған», - делінен хабарламада.
Белгілері: дене бітімі арық, бойы 160-165 см, көздері көк.
Үстінде: қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак.
Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.
Қандай да бір ақпарат білсеңіз, «102» немесе 8771-785-1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.