ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 10 адам ыстан уланған

Автор: Мира Байбек

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы 10 адам көмірқышқыл газынан уланды, оның сегізі бала, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

YK-news порталының жазуынша, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.

«Оқиғаларға тазартылмаған мұржалар мен пештердің нашар жағдайы себеп болған», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Жүз мың үйді аралап шыққан облыстық ТЖД қызметкерлері барлық заңбұзушылықтың жартысына жуығы пештерді дұрыс пайдаланбауға байланысты болатынын анықтады.