Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиеген жүк көлігі аударылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік апаты 26 қарашада болған

Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиелген жүк көлігінің жүргізушісі тасжолда рөлге ие бола алмай қалып, соның салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Рkzsk.info хабарлауынша, жол-көлік апаты 26 қарашада таңғы сағат 8.00 шамасында Көкшетау – Рузаевка тасжолының 21-шақырымында болған.

«Вольво» көлігінің 46 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік жолдың бүйіріне аударылып кеткен. Полицейлер жолды тексере келе, сол уақытта жол жамылғысының көктайғақ болғанын, алайда аталған жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары анықтағандай, жүргізуші Ақтөбе қаласының тұрғыны 20 тонна жұмыртқаны Астанадан Ақтауға тасымалдап бара жатқан», - делінген хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығынан Ақмола облысында 18 жол апаты тіркелді.

Полиция жүргізушілерден көлік жүргізу кезінде аса сақ болуды, көктайғақ жағдайында жылдамдықты және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтауды сұрайды.