$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2023, 13:52
Оқиғалар

Екібастұзда оқушыны жабылып соққыға жығу дерегі тексеріліп жатыр

Зардап шеккен баланың ата-анасы жоқ екені айтылды

Екібастұзда оқушыны жабылып соққыға жығу дерегі тексеріліп жатыр
istockphoto/mrohana

Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласында мектеп оқушыларының бір баланы жабылып ұрып-соққан бейнесі таралып кетті. Оқиғаны облыстық полиция департаменті растап, түсінік берді.

«Бейнежазба бойынша тексеріс жүргізілді. Бұл жағдай 6 қарашада тіркелді. Кәмелетке толмаған балалардың жеке басы анықталды. Полицияға осы жағдайға байланысты өтініш келіп түспеді. Факт тіркелді, оқиғаның барлық мән-жағдайлары анықталып жатыр», – деді департаментте. 

Сондай-ақ Екібастұз қаласның білім беру бөлімі де өз тарапынан тексеріс ашты.

Ал желі қолданушылар бұл жағдайға қатысты түрлі пікір қалдырып жатыр. 

«Зардап шеккен бала жетім. Оны қорғайтын ешкім жоқ. Айтарға сөзім қалмады, бұл сұмдық жағдай», – деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары