Күдікті уақытшы ұстау изоляторына қамалды
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Күдіктінің үйін тінту кезінде, ол тұратын жерде шамамен 6 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Сонымен қатар тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, оған бес оқ, кастет тәркіленді», - делінген хабарламада.
Күдікті уақытшы ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 287, 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.