Тұрғын үй қатынастарын жетілдіретін заң жобасы мақұлданды

Автор: Аманалина Тоғжан

Мәжіліс комитеттері өз қорытындыларын берген

Фото: freepik.com

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Заң жобасы тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді. Біріншіден, жекелеген санаттардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға «бірінші кезектегі құқықын» алып тастау ұсынылып отыр. Бұл – халықтың әлеуметтік осал топтарының 4 санатының құқығына қатысты. Өз тарапынан, депутаттар жұмыс тобында «бірінші кезектегі құқық» бойынша тізімді сақтап, халықтың әлеуметтік осал топтарының санатын төрттен – алтыға дейін кеңейтті», - деді Мәжіліс депутаты Лұқбек Тумашинов.

Ол атағандай, заң жобасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді «меншікке өтеусіз алуға» қолданыстағы құқықты алып тастауды ұсынады.

«Бүгінгі таңда мұндай құқыққа 11 санат ие. Жұмыс тобында депутаттар 11 санаттағы «өтеусіз жекешелендіру» бойынша қолданыстағы құқықты сақтап қалды. Осы депутаттардың барлық түзетулерін Үкімет тарапынан қолдады. Заң жобасында әкімдіктердің жаңа функциясы енгізілгенін  атап өткім келеді. Ол бір жыл ішінде әскери қызметті атқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы», - деді ол.

Тумашинов атағандай, Үкіметтік заң жобасы аясында Отбасы банкі ұлттық институты ретінде, азматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі функциялары енгізілген.

«Тұрғын үймен қамтамыз ету орталығы» электрондық базасын құру көзделген. Сондай-ақ депутаттар тарапынан жергілікті әкімдіктерде азаматтарды есепке қою туралы мониторинг жүргізу құқығы бекітілді. Заң жобасы бойынша 379 түзету келіп түсті. Олар жұмыс тобының 19 отырысында, Комитеттің кеңейтілген отырысында қаралды. Парламент Мәжілісінің барлық комитеті заң жобасы бойынша қорытындыларын берді», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ