3,6 млрд теңге залал: Грузия аумағында қазақстандық күдікті ұсталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол қаржы пирамидасын құрған  

Фото ашық дереккөзден

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы  ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші өтуде», - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.