Қайғылы оқиға 19 қарашада Ақтөбе – Орынбор тасжолында болған
Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 қарашада сағат 05:45 шамасында Ақтөбе – Орынбор тасжолының 73 шақырымында болған.
«Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды», - делінген хабарламада.
Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.