ЖЭО-да электр қуаты істен шыққан
Сенбіден жексенбіге қараған түні Екібастұз тұрғындарының пәтерлері жылусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өткен түнде болған қатты желдің салдарына қалалық ЖЭО-да электр қуаты істен шыққан. Салдарынан қазандықтың жұмысы тоқтап қалған.
«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС екібастұздықтарға жылу қашан берілетіндігін айтты.
«Өткен түнде дауылды желдің салдарынан, Екібастұз ЖЭО электр қуатынсыз қалды. МАЭС-1-ден қуат алатын негізгі және резервтік қосалқы станциялардың ажыратылуына байланысты станцияны электрмен жабдықтау бұзылды. ЖЭО-ның негізгі жабдықтарының жұмысы электр энергиясы есебінен жүзеге асырылатындықтан, станцияда қазандықтар мәжбүрлі түрде тоқтатылды, - деп хабарлайды «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС.
ЖЭО-да электрмен жабдықтау таңғы сағат 05:15-те қалпына келтірілді. Қазір станция қайтадан жұмыс істеп жатыр.