Өткен тәлулікте ауа-райының нашарлауына байланысты еліміздің 3 өңірінде 27 жол учаскесі жабық болды
Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық. Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын пайдаланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыс істеді.
Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.