Өрттің алдын-ала себебі қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болды
17 қараша күні сағат 15:56-да Талдықорған қаласының Өтенай ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрттен 84 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу шақыру орнына шықты. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін жұмыс уақытынан тыс кезінде, көрші үйде қонақта болған әскери полиция қызметкері кіші сержант Қанашев Ерлік Ерікұлы үйдің терезесінен қалың түтінді байқап, бірден сол жаққа бет алған.
«Жағдайды қысқа бағалағаннан кейін Е. Қанашев түтінге оранған үйге кіріп, 84 жастағы әйелді құтқарды. Әйелді құтқарғаннан кейін Е. Қанашев үйдің ішінен газ баллонын шығару үшін қайта оралып, осылайша жарылыстың алдын алды. Сағат 16: 11-де ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 5 шаршы метр болған өртті толығымен сөндірді. Өрттің алдын-ала себебі қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болды», - делінген хабарламада.