Өскеменде жаяу жүргіншілер жолында үш оқушыны көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Өскеменде көлік қағып кеткен үш оқушы ауруханада жатыр. Науқастар түрлі дәрежеде жарақаттанған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға кеше кешқұрым қаладағы Сәтпаев пен Жібек жолы көшелерінің қилысында болған. Жеңіл көлік тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған өткелде 13 және 14 жастағы үш оқушыны қағып кеткен.

Сүйектері сынып, басына зақым келген балалар бірден Ана мен бала орталығына жеткізілді. Дәрігерлер үшеуінің де жағдайы қалыпты дейді.

Қазір тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Екі бала травматология, ал бір бала нейрохирургия бөлімде емделіп жатыр. Олардың денсаулығын қалпына келтіруге дәрігерлер барлық іс-шараны жасалады», - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.