Жүргізуші кабинада ұйықтап жатқан: Ақтөбе облысында ұры жүк көлігінен 16 келі құс етін ұрлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында жүргізуші кабинада ұйықтап жатқанда ұры жүк көлігінен тауарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қараша түнде белгісіз адамдар есіктің құлпын бұзу арқылы VOLVO жүк көлігінің тіркемесіне кіріп, әрқайсысы 16 келі болатын 23 қораптағы құс етін жасырын ұрлап кеткен.

Автокөлік Байғанин ауданы Ноғайты аулынан 1 км қашықтықта Астрахань-Ақтөбе автожолының жиегінде тұрған. Жүргізуші таңертең оянған кезде ғана тауардың жоғалғанын білген. 

Полиция қызметкерлері осы ұрлықты ашу бойынша іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғыны басқарған VOLSWAGEN SHARAN автокөлігін тоқтатты. Көліктің салонында полицейлер ұрланған құс етінің қораптарын тәркіледі.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.