Степногорскте жоғалған қыздың орналасқан жері анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру жүргізіліп жатыр

Степногорскте хабар-ошарсыз кеткен қыз Астанадағы мединалық мекемеден табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz.

Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғынның жұбайы 22 жастағы Елена Моисееваны іздеуге жәрдемдесу туралы өтініші келіп түскен. 

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған адамның орналасқан жері елорданың медициналық мекемелерінің бірінде анықталды. Қызға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалған жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.